Белсенді оқушылар ұйымға қабылданды

Мерейлі мейрамдар қарсаңында мемлекеттік тілде оқытатын Сарыкөл орта мектебінің бірқатар оқушылары "Жас ұлан" бірыңғай қозғалысы мен "Жас қыран" балалар ұйымдарына қабылданды.
Салтанатты жиынға ҰОС-ның ардагері Павел Черепахин, аудандық "Сарыкөл" газетінің бас редакторы Айжан Мұсатова және аталмыш мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Молжігітовалар қатысып, ұйымға өткен ең үздік оқушыларға галстук пен арнайы төсбелгіні тақты.
Маңызы мол мерекелік жиында "Жас ұлан" тобының әнұраны әуеленіп, оқушылар ант қабылдады. Ел жастарының басын біріктіретін бұл ұйымға облыстық және аудандық түрлі сайыстарға қатысып, мектеп мерейі мен аудан абыройын ас-қақтатып, жемісті жетістікке жетіп жүрген  белсенді оқушылар қатысты. 
Жалпы, дәл осы күні аудан мектептерінде  өткен аталмыш шара нәтижесінде 89 оқушы "Жас ұлан", 57 оқушы "Жас қыран"  топтарына қабылданды.
Руслан ӘЛКЕЙ.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓