Қайырымның кішісі жоқ

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігі мешіт демеушілерінің қолдауымен 30 отбасына арнап қайрымдылық шарасын өткізді.IMG_4813
Шара аясында көп балалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жаняұларға жәрдем көрсетілді. Оларға күнделікті қолданыстағы азық-түлік салынған пакет ұсынылды.
Жиналғандарға: «Қайрымдылық шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға демеу болу және олардың дұғасын алу»,-деді ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы. Сонымен қатар, ол демеушілерге де алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.IMG_4818
Жалпы, облыстық мешітте әр айда 30-50 жанұяға осындай игі шаралар жасалып тұрады. Оған ұйтқы болатындар – жаны жомарт демеушілер және Қостанай облысы бойынша «Зекет» қоры өкілдігі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓