Дәрігерлерге қанша үстемеақы төленді?
Коронавирус пандемиясы басталғалы бері медициналық сақтандыру қорынан дәрігерлерге 73,7 миллиард теңге үстемеақы төленді. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қор эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемеақы төлеуді жүргізеді. Наурыз-тамызда 73,7 миллиард теңге үстемақы төленді. Тамыздың қорытындысы бойынша қор COVID-19, вирустық пневмониямен күреске тартылған 66 мың медицина қызметкеріне шамамен 17 миллиард теңге көлемінде үстемақы төлейді", – деді ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
-
Наурыз – 19 340 медицина қызметкері, 3,4 миллиард теңге;
-
Сәуір – 42 926 медицина қызметкері, 7,6 миллиард теңге;
-
Мамыр – 40 416 медицина қызметкері, 8,7 миллиард теңге;
-
Маусым-53 160 медицина қызметкері, 12,3 миллиард теңге;
-
Шілде – 78 963 медицина қызметкері, 24,9 миллиард теңге.
Айта кетейік, осыған дейін басшы Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталса, дәрігерлерге 91,9 миллиард теңге үстемеақы қарастырылғанын айтқан еді.