БЕРЕКЕЛІ БҮЙРЕКТАЛ

Ақсай – Мойылды өзенінің  сағасын  бойлай орналасқан  ауылдың бірі. Ауыл ресми картада Ақсай деп аталғанымен, жергілікті жұрт Бүйректал атап кеткен. Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем ауылдың жақсы жаңалықтары жетерлік. Мектеп жанында даңғарадай спорт залы салынып жатыр. Еңселі ғимарат пайдалануға берілген кезде жаңа заманның талабына толық жауап беретін спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілмек.
вц
Кәсіпкердің көмегі мол
 
Ақсай әкімі Шоқан Сәдуақасовтың айтуынша, биыл ауыл кәсіпкерлері шаруашылық жерлерінің көлемін арттырмақ. Оның бірнеше себебі бар.
– Ауыл экономикасының тірек күші – өсімдік  және  мал  шаруашылығы. Жалпы жер көлемі 111 465 гектар  болса, оның ішінде 36 695 гектары – егістік, 2 635 гектары – шабындық жерлер. Сонымен қатар жайылымдық жердің үлесі –  65 773 гектар. Қазіргі уақытта 19 шаруа қожалығы мен 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген. 2 серіктестік пен 17 шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығы бағытында жұмыс істеп жатыр. Биыл олар 29 834,5 гектарға егістік жұмыстарын жүргізді. 27 177 гектарға дәнді-дақылдар егілді. Оның ішінде 24 246 гектары бидайдың үлесінде. Ауыл бойынша 5800 тонна шөп дайындалды, оның  3825 тоннасы  агроқұрылымдарға тиесілі, – дейді Шоқан Қуанышбайұлы ауылдың  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып. – Жалпы, ауылда 1 422 бас ірі қара малы, 251 бас жылқы, 1 386 бас қой-ешкі және 2 960 құс бар. Мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен 4 шаруа қожалығы жұмыс істеп келеді. Биыл «Бірлік-1» шаруа қожалығы 5 бас аналық мал, 5 шаруа қожалығы мен «Батыр» АӨК 12 бас асыл тұқымды аталық ірі қара малын сатып алып табынға қосты. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта көбейетін болады. Сондай-ақ, мал бордақылау алаңдарына шаруашылықтар 125 бас ірі қара малын өткізді. Шаруашылықтарға тиесілі 10 094 гектар ауылшаруашылық жерлері электрондық картаға енгізілді.
IMG_6804
Бүйректалдық кәсіпкерлер ауылдың көркеюіне үнемі атсалысып келеді. Мәселен, мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Бірлік-1» шаруа қожалығы 25 аналық малын, ал «Мойылды» шаруа қожалығы «Алтын асық» бағдарламасымен 150 бас анылық қой алуға ынта білдіріп несие алуға құжаттар дайындап жатыр. Ауылыда үлкенді-кішілі екі қорым қоршауды қолға алып, жаз айларында толық аяқталмақ. Бұл бағытта да шаруа иелері көмек беруге уәде еткен.
Өңірге танымал кәсіпкер Махмұт Ғалиев шаруашылығын 1995 жылы сәуір айында қолға алған. Оның айтуынша, кәсіп ашуға заман ағымы итермеледі.
IMG_6761
– Негізгі мамандығым – зоотехник. Сол кезде медицина кадрларының қысқартылуына байланысты ауруханаға жабылды. Содан ауыл шаруашылығы саласына бет бұрдық. Бастапқыда егін, кейін мал шаруашылығын қатар алып жүре бастадық. Қазір шаруашылығымда 704 гектар егіндік жер бар. Негізі егіннің шығымы ауа райына тіклей байланысты. Сондай уақытта қысылып қалмас үшін малдың қажеті білінеді. Мемлекеттік бағдарламаларға тұрақты түрде қатысып келемін. Қазақтың ақбас бұқалары мен Әулиекөл тұқымын сатып алдым. Реті келсе, жерді де игеріп, малды да өрістетуге болады. Бастысы, адамның ынта-жігері, – дейді Махмұт Хасенұлы.
20171006_123212
Кәсіпкердің сөзінше, туған ауылын дамытуға күш салып жатқандар жетерлік. Енді оларға жергілікті атқарушы билік жәрдем етсе, шаруа қарқын алып дамиды.
– Әркімге кіндік қаны тамып туып өскен жері өзінің құт мекені – жерұйығы.  Рас, кезінде Бүйректал тау-тау астығы, табын-табын малы бар, дүйім жұрттың түтінін біріктірген  іргелі ауыл еді. Әйтсе де осы ауылда «Күркетал» деген тай төбеліндей жеріміз бар. «Күркетал» – бұлақтың бастауы, жағалай өскен көк майса құрақ, жайқалған ақ қайыңдар, балбырап піскен мойыл, алқызыл жидек, саф ауа. Міне, табиғаттың осындай сұлу жерінде несібесімізді молайтып келеміз, – деді Махмұт Ғалиев.
IMG_6770
Ел ағасы Қали Балғураев 1994 жылдан бастап шаруашылық жүргізіп келе жатыр. Бастапқыда совхозда экономист жұмысында болды.
– Бүйректал аудандағы іргелі ауылдың бірі еді. Сонау тоқсаныншы жылдардың кезеңі ауылымыз үшін оңай болған жоқ. Жарық үзіліп, көбі сыртқа көшіп кетті. Аман, Сапар, Жанайдар сынды ауылдастар Бүйректалдың еңсе көтеруіне ықпал жасағанын айт кету керек. Біз де бәріне шыдап, туған жерімізде қалуға шешім қабылдадық. Қазір біреуден кеш, біреуден ілгеріміз. Егер басшылар ауылымызды көркейту үшін белгілі бір бастамалар жасаса, біз оған үн қосуға дайынбыз. Бәрі де ауыл үшін деп жүрміз. Тіпті, балам Дәуренге: «Қайтсең де, ауылға қал, қолыңнан келгеніңді жастарға үйрет», – деп ақылымды айтып жүремін. Бүйректалда әкетіп бара жатқан проблема жоқ негізі. Ауыл ішіндегі қордаланып тұрған мәселелерді ретке келтірсек болғаны. Тіпті, ауызсу жағдайы 1968 жылы шешіліп қойған. Бұл да халықтың несібесі ғой, – дейді Қали Жақсылықұлы.
SONY DSC

SONY DSC

Бұдан өзге, аудан орталығынан келген «Әли» АӨК мал басын асылдандыру бағытында жекенің малына 6 бас аталық ірі қара малын қосты. «Батыр» шаруашылығы  келісім-шарт арқылы 200 бас аналық малды  бағымға алды. Жалпы, ауылда «Жұмыспен қамту-2020», нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына  қатысушылар бойынша биыл 2 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 1 қыз бала жастар тәжірибесіне, 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 10 адам тұрақты және уақытша жұмысқа, 4 адам шаруа қожалықтарына, 7 адам серіктестікке жұмысқа қабылданды. Жыл басынан 6 жалдамалы және 33 өзін қамтушы жеке тұлғалардың зейнетақы жарналары аударымы жасалды. 5 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.
 
Басымдық – әлеуметтік салаларға
 
Ауылдың басты әлеуметтік нысаны – Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебіне оқу маусымында 85 оқушы қабылданды. Оларға 17 жоғары және 7 орта арнаулы білімді мұғалімдер дәріс береді. Биылғы оқу жылында жаңа аттестация ережесіне сай мұғалімдер сынақтан өтті. Жаңартылған білім мазмұны аясында біліктіліктерін арттыру мақсатында  6 мұғалім деңгейлік, 2 мұғалім тілдік, жалпы 80% мектеп мұғалімдері курстан өтті. 2017-2018 оқу жылы білім сапасы 58,6% –ды көрсетті. Мектеп бітіруші 8 түлекте ҰБТ 100% қатысып, орташа балл – 92,2%, білім сапасы 50% көрсетті. Мектеп ішіндегі домбыра сыныбында 20 бала, мектепалды даярлық сыныбында 7 бала, мектепке дейінгі шағын орталықта 25 бала тәрбиеленіп жатыр. 3 тәрбиеші бар. 13 бала біржолғы ыстық тамақпен қамтылған. Биыл «Мектепке жол» біржолғы қайырымдылықакциясы аясында  16 оқушыға қажетті киім-кешек, аяқ киімі мен спорттық сөмке және оқу құралдары таратылды.
SONY DSC

SONY DSC

Ақсай ауылдық медициналық пунктінде орта білімді 2 маман жұмыс істейді. Биыл ауылға жылжымалы рентген және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, жылжымалы механикаландырылған автопоезд келіп, халықты тексеруден өткізді. Туберкулез ауруын ерте анықтау мақсатында 170 адам флюорографиядан, өтті. Ақсайдың ветеринарлық-эпизоотиялық жағдай қалыпты. Биыл 5 465 бас ауылшаруашылық жануарлары  серологиялық  зерттеуден өтті. Оның ішінде 1 190 бас ірі қара, 3 961 бас ұсақ мал, ірі қара төлі (ИФА) 314 бас. Ветеринарлық-профилактикалық жұмыстар бойынша: 1 425 бас ірі қара, 900 бас ұсақ мал,250 бас жылқы Сібір жарасына, 2 100 бас ірі қара малы туберкулезге, 100 ірі қара малы мен 100 ұсақ мал пастерелезға, 900 бас ірі қара нодулярлық дерматитке, 100 бас ірі қара құтырмаға, 100 бас ұсақ мал эктимаға, 150 бас жылқы сақауға, 100 бас жылқы ринопневмонияға қарсы егілді.
SONY DSC

SONY DSC

– Санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына сәйкес үйіндіге айналған 35 ауланың төңірегіндегі 5 500 тонна  күл-қоқыс сыртқа шығарылды. Бұл жұмыстар осы жылы да жалғасын табады. Барлығы 30 түп ағаш отырғызылды. Мекемелер тиісті ағымдағы жөндеуден өткізілді. Ауылға дейінгі көтерме жолдың қатты бүлінген жерлеріне қиыршық тастар төгіліп, кей жерлері күлмен тегістелді. Мойылды өзенін жағалай салынған Бүйректал бөгетінің  қатты бүлінген және су жырып бұзылған тұстарына «Хамза», «Ақ жол», «Атай» және «Бірлік-1» шаруа қожалықтары бірігіп жөндеу жұмыстарын жүргізді – дейді ауыл әкімі Шоқан Сәдуақасов.
 
Мәдениетте не жаңалық?
 
«Рухани  жаңғыру» бағдарламасы  аясында «Жерлестер» жобасымен М. Жаркеновтың балалары  қазақ тілі және әдебиеті кабинетін қосымша әдістемелік, көрнекі және оқулық құралдармен жабдықтады. Жекелеген белсенді азаматтардың ықпалымен  «Нарөлген», «Ескі Бүйректал» қорымдары қоршалып, ас берілді. Мектеп қабырғасынан өлкетану мұражайы ашылды. 250 оқырманы, 6 612 кітап қоры бар ауылдық кітапхана биыл 165 дана кітаппен толықты және оның 146-сы мемлекеттік тілде. Биыл ауыл өнерпаздары 32 облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінің аудандық байқауында 3-ші орынды жеңіп алды. Аулымыздың үздік спортшысы облыстық, аудандық бокс жарыстарының жеңімпазы Жақсылық Нұрхан аудандық жастардың «Алтын кітабына» енді.
WhatsApp-Image-2019-01-16-at-15.51.22
9-сынып оқушысы Қаупыш Гүлсезім Астанада өткен халықаралық ұлттық аспапта ойнау байқауында 2-орын иеленіп қайтты. Облыстық деңгейдегі жекпе-жек ашық турнирінде 6-сынып оқушысы Жақсылық Ержан 2-ші орынды, Жақсылық Нұрхан 3-ші орынды жеңіп алды. Ауыл толағайлары мен өнерпаздарының облыстық, аудандық сайыстардағы жеңісті жолдары жетіп артылады.
20171006_141732
Ауыл әкімінің сөзінше, Жастар жылына арналып, мамыр айында «Жастар саябағын»  салу жоспарда бар. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі қазіргі ғимараты 1994 жылы пайдалануға берген кезде құрлысы аяқталмаған болатын. Осы ғимараттағы спорт залды шаруа қожалық басшылары және мектептен әр жылдары бітірген түлектер демеуімен қазан айына дейін аяқтап іске қосуды мақсат еткен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓