30 келі есірткі тәркіленді

Операция барысында полицейлер Қостанай қаласында Абай даңғылында "Ситроен" автомобилін тоқтатты. Тінту кезінде жолаушыдан 1 келі 46 грамм марихуана тәркіленді. Күдікті бұрын да бірнеше рет есірткімен ұсталып, сотталған екен. Нашақорға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 259-1 бабы (есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қоз-ғалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
"Көкнәр" жедел-алдын алу шарасының барысында полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты сексеннен астам қылмысты ашып, 30 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі.