ТАҢДАУЫМЫЗ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ
Облыс педагогтары алдағы президент сайлауына орай қоғамдық үндеу жариялады. Қостанай педагогикалық колледжінде өткен кеңесте ұстаздар қауымы көпшілікті Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды. Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы мен оның орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, колледж директорлары мен мұғалімдер, білім беру саласының ардагерлері қатысты. Жиында ардагер ұстаздар, білім беру саласының үздік қызметкерлері, новатор мұғалімдер сөз алып, алдағы сайлаудың мән-маңызы туралы ойларын ортаға салды.
Жиын соңында Қостанай құрылыс колледжінің директоры Арман Шәмшиев көпшілік алдында өңір ұстаздарының үндеуін оқыды. Құжатта: «Қостанай облысының педагогтары кезектен тыс президент сайлауын қолдайды. Алдағы аса маңызды саяси науқан қоғамдық тұрақтылық пен әрбір қазақстандықтың ертеңгі күнге деген сеніміне негіз болып табылады. Біз биыл 9 мамырда белгіленген кезектен тыс Президент сайлауына қатысатын әрбір мұғалімнің даусы маңызды деп білеміз. Ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын терең сезіне отырып, сайлаудың әділ әрі ашық өтетініне сенеміз. Қостанай облысындағы барша білім қызметкерлерін алдағы науқанға белсенді қатысып, ел игілігі үшін өз таңдауы мен азаматтық ұстанымын білдіруге шақырамыз» – делінген.
Нұрқанат Құлабаев