Н.Назарбаев: «Алыстағы ағайыннан, іргедегі көршің жақын…»
Қазақстан және Ресейдің ХҮ өңіраралық әріптестік форумы барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин «Бәйтерек» ғарыштық-зымырандық кешенін таныстыру шарасында болды. Содан кейін қос елі басшылары пленарлық отырысқа қатысу үшін Қызылжарда жаңа салынған Оқушылар сарайындағы Медиа-сити орталығына келді. Мұнда оларды Теспиан есімді робот қарсы алды. Теспиан – ағылшын тілінен аударғанда «драмалық актер» дегенді білдіреді екен. Заманауи құлтемір 17 тілде еркін сөйлей алады.


Пленарлық отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Елбасы қос ел арасындағы жағрапиялық жақындықты тиімді пайдалану керектігін, бүгінде қос ел арасындағы экономикалық байланыстың мейлінше нығайғанын айтты: Қазақстан – Ресей арасындағы тауар айналымы 11 млрд доллар. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 18 млрд долларға жетпек. Бүгінде екі елдің 9 мыңнан астам кәсіпорны ынтымақтастықта жұмыс істейді». Ресей Президенті В. Путин екі ел арасындағы аралас-құраластықтың жоғары деңгейде екендігіне тоқталып, бірлеске туристік жобаларды қолға алу маңызды екенін айтты.

Қос тарап екі елдің шекаралас аймақтарында 100-дің үстінде туристік маршрут әзірлеуге уағдаласты. Алқалық отырыстан соң екі ел көшбасшылары бірқатар бірлескен құжаттарға қол қояды.