Өрт өршіді

Қостанайда ескі көліктерді қабылдайтын пункт аумағында өрт болды. Оқиғаны ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. утил«Қостанайда 8 шілде күні сағат 20.00-де Әуежай шағын ауданында ашық алаңда ескі шиналар мен қоқыс өртенді. Жалын аумағы 100 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Жалынмен күреске 25 өрт сөндіруші мен 7 мамандандырылған техника, сондай-ақ өртке қарсы ерікті құрылымдардан 10 адам мен 3 техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, бұл Қостанай облысында 8 шілде күні болған екінші өрт оқиғасы. Бұған дейін Қостанайдағы «Астам» мейрамханасы жанып кеткен еді. Онда жарты сағаттан кейін үйлену тойы басталуы керек болатын. Адамдар, соның ішінде балалар қауіпсіз жерге көшірілді.
 
Сурет "ҚазАқпарат" агенттігінен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓