Дау партисипативтік рәсім тәртібімен шешілді
Бірінші саты сотының шешіміне азаматша Ш.-ның шағымы бойынша қозғалған азаматтық іс бойынша Қостанай облыстық соты алғашқы рет партисипативтік келісімді бекіту тәртібімен қарады.
Іс материалдары бойынша, ерлі-зайыптылар Ш. Рудный қаласында 15 мың АҚШ доллары тұратын екі бөлмелі пәтер сатып алған болатын, ал пәтер құнының 10 мыңнан астамын қарызға қолхатпен енесі берген. Қолхатқа сәйкес, қарыз сомасы үш жыл мерзімінде қайтарылуы тиіс. Алайда, пәтер алғаннан кейін бір жыл өткен соң жастар ажырасқан. Ерлі-зайыптылар араларында ортақ мүлікті, яғни пәтерді бөлу туралы бітімгершілік келісімі бекітілген. Анасына қарызын жастар қайтармаған, осыған орай анасы сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Рудный қалалық сотының 2015 жылғы 3 қарашадағы шешімімен Б.-ның 1,5 млн. теңге қарызды өзінің ұлы мен бұрынғы келінінен өндіру туралы талабы қанағаттандырылған.
Шешіммен келіспеген азаматша Ш. шағыммен облыстық сотқа жүгінген. Жауапкер бұған дейін қолхатты көрмегенін және қаражатты қарызға алу жағдайы болмағанын айтты. Алайда, ата аналарының пәтерді алуға жәрдемдескендерін жасырған жоқ.
Сот талқылауы барысында әр жауапкерден 500 мыңнан талапкердің пайдасына 1 млн. теңге өндіру туралы партисипативтік келісім жасалды. Ұлы анасына 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін бұрынғы жұбайының үлесін төлейді, ал бұрынғы жұбайы өз кезегімен бұрынғы күйеуі төлейтін пәтерді бөлу жөніндегі өтемақыны осы сомаға азайтады.
Бұл жерде партисипативтік келісім жасауға жәрдемдескен адвокаттардың бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатыспағандарын атап өткен жөн, олардың процеске апелляциялық талқылау барысында кірісулері даудың осылай шешілуіне көмегін тигізді.
Азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі