Сақшылар тұрғындар назын тыңдады

Сәуір айы басталғалы қостанайлық учаскелік инспекторлар тұрғындар алдында 82 есептік кездесулер мен жиындар өткізді. Облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Құрмет Мәжікеновтың айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айының 9-нан бастап  учаскелік инспекторлардың есептік кездесулеріне байланысты кең көлемді арнайы шара өтуде. Осы уақытқа дейін 7 мыңнан астам азамат өзінің учаскелік инспекторларымен кездесті. Оған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысуда. Шара барысында тұрғындар тарапынан учаскелік полиция қызметкерлеріне қатысты айтқан ұсыныстар мен арыздар жедел түрде қаралып, ол бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады.
Михайловка Карабалыкский район (1) сайт
        Өңірдің барлық учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар алдында 3 айдың жұмысы туралы есеп берді. Мәселен, 17-сәуірде Сарыкөл ауданының Златоус кентінде учаскелік полиция майоры Амангелді Қабдолов ауыл тұрғындарымен кездесті. Онда ауыл әкімі М.Омаров, полиция бөлімінің басшылығы және ауыл тұрғындары қатысып, өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды. Осындай кездесулер өңірдің Қарасу, Меңдіқара, Қостанай және Федоров аудандарында өтті.
Ауыл тұрғындарын мал ұрлығы, қоқыс төгу орындарының ластануы және аула учаскелерінің тазалығы толғандырды. Сондай-ақ, итті байлаусыз ұстайтындардың қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы да айтылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды тағы бір мәрте ескертті. Төрт түлікке сырға салу және таңбалау, жануарлардың орналасқан жерін бақылауға GPS-трекерлер орнату, малды қараусыз қалдырмау қажеттілігі түсіндірілді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары елді мекендердің аумағын абаттандыру, тазалық сақтау ережелерін түсіндірді.
Михайловка Карабалыкский район (3)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓