Абайлаңыз, жаяу жүргінші!

Қостанай облысы аумағында 15 мен 17 сәуір аралығында «Назар аудар, жаяу жүргінші» атты кең ауқымды науқан өткізілді. Облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Құрмет Мәжікеновтың айтуынша, ешқандай жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Жалпы бұл шара жол жүру қауіпсіздігі мен дене жарақатының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
«Шараның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Өйткені, қолданылып жатқан шараларға қарамастан, жол-көлік жарақаты мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Елімізде тіркелетін әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болып жатады.
сайт фото
 
Үш күнге созылған шара барысында 751 жүргізуші жол тәртібін бұзғаны анықталды. Ал 138 жаяу жүргінші жолда жүру ережесін сақтамағаны белгілі болды. Соның ішінде 20 көлікті мас күйінде жүргізу оқиғасы, 94- қауіпсіздік белдігін тақпағаны, 138-і жолдың тыйым салынған бөлігінен кесіп өткен. 
Науқан барысында жаяу жүргіншілердің жолды өту ережесін сақтауына әрі жаяу жүргіншілер жолының ережесін бұзатын жүргізушілерге ерекше назар аударылады.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓