Жәбірлеушілерден кек қайтарды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 99-бабы  бойынша айыпталған (адам өлтіру, өлтіру үшін қастық жасау) 32 жастағы Әулиекөл ауданының тұрғыны К-ге қатысты қылмыстық істі қарауда.топор
Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 6 тамызында Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында К. танысы И-дің үйіне келіп тағыда үш азаматпен бірге ішімдік ішкен. Отырыс барысында таныстар арасында кикілжің туындап, үстел басында отырған И. және Л.  К-ге соққы жасайды.
Ашуға бой алдырған К. арада біраз уақыт өткенен соң өзіне қол көтергендерден кегін қайтармақ болып, балта алып үйге қайта оралады. Үйге кіріп, еденде ұйықтап жатқан Л-ның басынан балтамен екі соғып, И-дің басынан және ішінен соққы жасайды. Жәбірленуші Л. оқиға орнында қаза тапқан, ал И. ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем жасалып, тірі қалған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓