Экобелсендіге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
2022 жылдың 25 желтоқсанында Рудныйда белгісіз адам экобелсенді Максим Фроловқа шабуыл жасаған. Әлеуметтік желіде ер адамның бетіне газ спрейі шашылып, көліктің доңғалағы тесілгені айтылған.

Полиция департаменті қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, сараптамалар тағайындалғанын, сондай-ақ өзге адамдардың осы қылмысты жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатқанын атап өтті.
Polisia.kz