«Алтын микрофон» байқауы өтеді

19-21 сәуір "Рухани қазына" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қостанай қалалық балалар шығармашылық мектебінде XVII халықаралық «Алтын микрофон» ән байқауы өтеді
Байқау вокалдық өнердің жас талантты орындаушыларын анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани бірлігі идеясын, бейбітшілік халықтарының достығын, ұлтаралық және мәдениетаралық шығармашылық диалогты дамыту және тарату, "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.
Афиша инст каз
"Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық мақаласында Н. Назарбаев біздің алдымызға қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жаңа ауқымды міндеттер қойып отыр. Оның басты шарттарының бірі – мемлекеттің ұлттық стратегиясының бір бөлігі ретінде отансүйгіштік болып табылатын өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау. Қазақстан Президенті "Туған жер" бағдарламасын енгізуді ұсынды. "Туған жер" бағдарламасы "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрамдас бөлігі және Отанға деген ұтымды және эмоциялық қарым-қатынасты біріктіруге бағытталған. Бағдарламаның негізіне қазақстандықтардың өз өлкесіне, тарихына, мәдениетіне, дәстүрі мен тұрмысына, Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншілігін, мақтанышын және адалдығын білдіретін шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу қойылған.
Байқау жеңімпаздарының гала-концерті және оларды марапаттау рәсімі (барлық топтар) 2019 жылдың 21 сәуірінде сағат 14.00-де өтеді Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда өтеді.
Афиша 19 апр каз
Үздік әншілерді Кеңес Дүйсекеев, Қарлығаш Әбдікәрімова, Николай Текелиев, Микеле Пома, Гүлбану Абдулина сынды музыка майталмандары анықтайды. Конкурстың лауреаттары мен дипломанттары ұйымдастыру комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Үздік орындаушыға (конкурстың Гран-при иегері) Қостанай облысы әкімінің сыйлығы тапсырылады, сондай-ақ байқаудың Үздік орындаушыларын Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы "Бозторғай" Халықаралық балалар шығармашылығы конкурсына (Алматы қ., мамыр-маусым 2019 ж.) қатысуға ұсынады. "Алтын микрофон" байқауының (Гран-При, лауреаттар) жеңімпаздарына Қазақстанда, Ресейде, Беларусьте, Болгарияда, немесе Еуропа мен Азия елдерінде (жыл бойы) өткізілетін халықаралық конкурстардың біріне қатысу құқығы беріледі дейді ұйымдастырушылар.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓