Интернет алаяқтары көбейіп барады

фото 111
Бүгінде алаяқтықтың сан түрі белең алуда. Тіпті кейінгі кездері әлеуметтік желілерді қолданып, жымысқы әрекетін жүзеге асыратындар көбейген. Міне, осындай мессенджер арқылы Қостанай қаласының тұрғыны 50 млн теңгесінен қағылды. Бұл туралы Қостанай облыстық ПД криминалды полиция басқармасының аға жедел уәкілі Олжас Мағыпаров айтты.
Оның сөзінше, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы қозғалған қылмыстық істердің саны 150-ге артық. Мамандар алаяқтықтың өсуіне цифрландыру әсер етуде деп отыр. Қазір тұрғындардың көпшілігі онлайн саудаға көшкен. Алаяқтардың алдау тәсілі сан түрленіп барады. Соның салдарынан өткен жылы 798 қылмыстық іс қозғалған. Мәселен, 2020 жылдың соңында облыс полицейлері 50 қазақстандықты алдаған алаяқты қолға түсірді. Ол өзінің Instagram аккаунтында «Basconi» фирмасының аяқ киім интернет дүкенін ашқан.  Сөйтіп ол өзінің құрбандарын 80 пайыз жеңілдік арқылы алдап түсіріп отырған. Шындығында, ешқандай дүкені жоқ. Етік фотоларын ғаламтордан жүктеп салып отырған.            
Олжас Мағыпаров ірі көлемдегі интернет-ұрлығы облыс тұрғынының депозитінен 50 миллион теңгенің ұрлануы. Ол «Колеса.kz» сайтына тіркеуіш сатуға қояды. Алаяқтар тіркеуішті аламыз деп, алдын ала төлем жүргізу үшін банктік карта номерін сұратады. Сөйтіп картасының екі жағында түсіріп жіберген. Бұдан кейін олар интернет-банкингтегі  телефон номерін ауыстырып, депозиттегі барлық соманы түрлі есеп-шотқа аударып үлгерген. 
Соңғы жылдары Интернет желісін алаяқтық мақсатында пайдалана отырып жасалатын құқық бұзу фактілері өсуде. Адамдарды алдау үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады, жалған интернет-дүкендер, «фейк» парақшалар және сайттар ашады. Осыған байланысты, полицейлерін облыс тұрғындарын онлайн сауда жасағанда сақ болуға шақырады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓