Көктайғақтың кесірі
7 қараша күні Алматы-Екатеринбург автожолында Федоров ауданының Придорожное кентіне жақын жерде 20 жастағы жүргізуші "Лада 2114" автомобилімен көктайғақта рульге ие бола алмай қозғалыстың қарсы бетіне шығып кетіп, "Вольво" жүк машинасымен бетпе-бет соқтығысты. Қарабалық кентінің тұрғыны жеңіл машинамен үш жолаушыны Қостанайға әкеле жатқан. Апаттың салдарынан жүргізуші мен 26 және 39 жастағы екі жолаушы оқиға болған жерде қаза тапты. 21 жастағы тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Жол-көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.