Дөңгелек үстел өтті
Алтынсарин ауданы. «ГРИН» Азаматтық Альянсы» қоғамдық қоры облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша аудан халқымен кездесіп, Мемлекеттік этносаясатты іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға ауданның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ғалымдар, кітапханашылар, ішкі саясат, мәдениет және білім бөлімдерінің өкілдері, үкіметтік емес ұйым басшылары қатысты.