Еңбек ерлері – ел есінде

«Сарыкөл ауданының Еңбек Даңқы кітабы» эстафетасы Лесной ауылында тұсауын кесті.IMG_0827
Салтанатты түрде ашылған шара Қостанай облысының 80 жылдығына арналды. Мақсат – еңбек ерлері мен жалпы еңбеккерлердің маңдай терін бағалап, есімдерін мәңгі есте сақтай отыра, оларды өскелең ұрпаққа өнеге ету.IMG_0716
Алдымен, аудан әкімі Эльдар Күзенбаев осынау тарихи сәтпен барша тұрғындарды құттықтады. Одан соң соғыс ардагері Василий Мухачевке естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ, көп жылдық еңбегі үшін ҚазССР ағарту ісінің үздігі, мұражай ағартушысы Бәтимә Тұрсыноваға және ауылдың әлеуметтік-экономикалық саласына қосқан үлестері үшін шаруа қожалықтарының басшылары Ғабиден Макеев пен Мұрат Уразбековтарға мадақтама қағаздарын берді.IMG_0740
«Еңбек даңқы» кітабының алғашқы беттеріне ауылдың тыл еңбеккерлері, түрлі орден-медалдармен наградталған тұлғалар және құрмет атағына ие болған 28 адамның есімі енді. Олардың көшін Социалисттік еңбек Ері Николай Сергеев, ҰОС ардагері Василий Мухачев, Социалситік жарыс жеңімпазы Айша Әлімова және ағарту ісінің үздіктері Нина Мухачева мен Бәтимә Тұрсыновалар бастап тұр.IMG_0848
Шара соңында бұл кітапты Лесной ауылдық округінің әкімі Мейрам Сабыржанов Веселоподоль ауылдық округіне табыстады.
 
Руслан Әлкеев,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓