Өрт: 20 адам құтқарылды

Рудный қаласында 9 қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.20190412233745
Оқиға 12 сәуірде сағат 19:08-де болған. Өртке қарсы қызмет пультіне Рудный қаласы Ленин көшесі бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түседі.
«Өрт төртінші қабаттағы тамбурдан шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 152 адам эвакуацияланды және 20 адам құтқарылды, оның ішінде 9-ы – бала. Өрт сағат 19:30-да оқшауланып, сағат 19:36-да жойылды», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Өрттің алдын ала себебі – темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану. Тілсіз жаумен күресуге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 5 өрт сөндіру техникасы тартылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓