Қылмыстық істер саны артқан
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында биылғы жылдың өткен 9 айындағы сот төрелегін жүзеге асыру қорытындысы бойынша брифинг өтті. Шараға сот төрағасы Ерлік Сералин мен судьялар қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Брифинг барысында Е.Сералин статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті. 2016 жылдың тоғыз айында қылмыстық сотқа 66 қылмыстық іс түскен, 2015 жылы бұл көрсеткіш 64 іс болған. Сондай-ақ, сот төрағасы жыныстық қылмыс пен кәнігі қылмыскерлер туралы мәліметтерге де тоқталды.