Электр жарығы сөндірілді

Бүгін орталық базар аумағында, жоспарлы жұмыстар жүргізуге байланысты, электр энергиясы уақытша сөндірілді. лампаАтап айтқанда, Амангелді, Шевченко, Қасымханов, Победа көшелері және Абай даңғылы жарықсыз қалдырылды. Кешкі сағат 20.00-ге дейін тұрғындардың тағаттана тұруларына тура келеді. Сонымен қоса, шұғыл жөндеу жұмыстарына байланысты Қостанай ІІБ ғимаратында және Нариман базары төңірегінде де электр жарығы өшірілді. Қаланың келесі қанатындағы Хакімжанова, Беда, Қайырбеков, Маяковский көшелерінде және Абай даңғылында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін тоқ энергиясы тоқтатылды.
 
Жандос Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓