Жайдарлы жастар жарысты

«Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы»  тапсырмасымен «SANALY URPAQ – 2050» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік тілде облыстық КТК лигасын дамыту» жобасы аясындағы Қостанай ашық лигасының 1/8 финалдық ойыны өтті.  Аталмыш жобаның басты мақсаты – Қостанай облысында қазақша КТК ойындарының  қозғалысын дамыту, студенттер, жұмыс істеуші жастар, ауыл және өнерлі жастар арасында мемлекеттік тілдің қолданысын дамыту.        44e7be3a-a28c-4ab7-a286-84b088002022 Сондай-ақ, Қостанай "Жайдарман" филиалының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Бірнеше жылдар бойы үлкен сахнада  астарлы әзілдерімен есте қалған команда мүшелері осыған дейін белсенді өнер көрсетті. Бүгінде өздері сияқты жайдарманшы болуды армандайтын жастардың қиялдарына қанат бітіріп, сахнаға шығуларына көмек көрсетіп жүр.  7131d0ce-003c-4855-88bc-676c71255e2c
 -Биыл Республикалық Қостанай ашық лигасының 1/8 финалдық оныншы маусымның алғашқы ойыны өткізілді. Осы уақытқа дейін көптеген жеңімпаздар мен өнерлі жастар түлеп шықты. Соның ішінде Астана қаласының «Сборное Коргалжино» құрамасының намысын қорғап,  Ресейлік жоғары КВН лигасында ойын көрсетіп жүрген Ілияс Көпжасаровты атап өткім келеді. Сондай-ақ, кино әлемінде де өз орнын тапқан түлектеріміз жетерлік. Алдағы уақытта да жас буынға дұрыс бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие береміз деген сенімдемін, – деді Қостанай "Жайдарман" филиалының директоры Марғұлан Бәкір.
Айта кету керек, кеште ойын көрсеткен «Руханият» командасы биыл Астана қаласында маусымашар фестивалінен кейін жоғары рейтинг алып, Екібастұз қаласында республикалық ашық лиагасына жолдама алған болатын.7e2fea35-406a-4b4f-b537-db81efee8b2f
-Екібастұз қаласында өткен лигада өнер көрсетіп, 1/4 финалға өттік. Қостанай ашық лигасында ойын көрсетіп, келесі ойында өнер көрсетуге жолдама алып, қуанышымыз одан әрі еселене түсті, – дейді команда капитаны  Ерлан Қабжанов. 
       Жайдарманның ойындарын тамашалуға жиналған жастардың қарасы мол болды. Әзіл-шыны аралас тақырыптар арасында көбінесе қоғамдық мәселелер көтерілді. Әкім, шенеуніктердің қызметі, ауылдағы өмір мен қазақи ырымдар, шоу бизнес өкілдері туралы әзіл мен әжуа айтылды. Әзілқойлардың бұл жолғы кездесуі де әр команданың өзіндік ерекшелігі мен стилін танытты.44c0f2a2-23df-4b85-a037-d9aa16e945b2
 Ойын барысында командалар бір-бірінен аспаса, кем түспеді. Жайдарманшылар қатарынан халықты ерекше қыран-топан күлкіге бөлеген Рудный құрамасының ойыншысы Береке Набихан үздік ойыншы атанды.
Әділ қазылар алқасының шешімімен елдің түкпір-түкпірінен келіп өнер көрсеткен барлық команда 1/4  финалға 7 команда (резервпен 5 команда), жалпы 12 команда келесі айналымға жолдама алды. Дегенмен ұпай сандары бойынша ойынның жеңімпазы Петропавл қаласының «Бес жаңалық» құрама командасы оза шапты.
 
Әсел ҚИБАШ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓