Бірлігімізге кепіл болар сайлау күтеміз

Расында Ел Президентінің «кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам» деуі орынды. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз орнын босатып, үлкен тарихи шешім қабылдады. Ұлт көшбасшысы мемлекет басына жаңа буынның келіп, жаңашыл идея мен тың реформаның көрініс табуынан зор үміт күтіп отыр. Ал 9 маусымнан кейін билік басына келетін тұлға өзіне артылған үлкен жауапкершілікті арқалап, бұған дейінгі жүзеге асырылған саясатымызды ел-жұртпен бірге жарқын болашаққа бастайтынына сенімім зор.
Егер Қазақстан бұл жолы да сайлау науқанын ойдағыдай әділ әрі ашық түрде өткізсе, еліміздің әлем алдындағы беделі бұрынғыдан арта түсері сөзсіз. Сол себепті, барша жерлестерімді мызғымас бірлігімізбен бұл саяси додаға да белсенді қатысып, өзіміз қалаған ел басқарушымызды сайлап алуға шақырамын.
Манапбек Кәдіров,
Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі,
халықаралық байқаулардың лауреаты