Тұтастығымыздың тұғыры болмақ
Жақында ғана еліміз үшін айтулы жаңалыққа, Елбасының өз еркімен президенттіктен кеткеніне куә болдық. Енді саяси сахнамызда тағы бір оқиға орын алмақ. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өткізіледі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін БАҚ арқылы оқып-білдік. Расында да, еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры халықтың шешіміне байланысты.
Қазақстан халықаралық жүйеде өзінің лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Алдағы сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтетініне сенімдімін.
Біріншіден, бұл жолғы мерзімінен бұрынғы сайлау толығымен заң аясында өтеді. Екіншіден, сайлау елдегі әлеуметтік, саяси, рухани салаларды тиімді дамытуға әсер етеді. Тез өзгеріп, мың құбылып тұрған заманда ішкі және сыртқы саясатты ұстап тұру үшін елдің басшысы қажеті екені сөзсіз. Ел тарихына үңілсек, талай сайлау өтті. Дегенмен, алдағы жаздағы сайлау көпэносты ел ретінде біз үшін айтарлықтай оқиға болады. Одан соң әлемдегі озық 30 елдің қатарына ену міндетіне қарай жылжи береміз деген ойдамын.
Қалқаман Жақып,
профессор,
философия ғылымдарының кандидаты