Министр Федоров аудандық ауруханасында болды
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Федоров аудандық орталық ауруханасын аралап, дәрігерлермен жүздесті.

Ал, дәлізде емделушілермен әңгімелескен министр олардың бірінің қолындағы дәрігердің қабылдауына жазылған талонды алып көрді. Сырқаттардың бірі дәрігердің қабылдауына бір сағаттан кейін, ендібіреуі тіпті кешкі 5-тер шамасында кіретін болып шықты. Министр “Бұл ыңғайсыз ғой, неге алдын ала жазылмайсыздар немесе сall-орталыққа хабарласпайсыздар ма?” дегенде сырқаттардың дені ауылдан келгендерін айтты.
– 21-ғасырда өмір сүріп жатырмыз дейміз, ал сіздер әлі емделушілерге дұрыс жағдай жасай алмай келесіздер. Келушілерді тар дәлізде сабылтпай, олар үшін ыңғайлы жағдай жасаңыздар, электронды табло орнатаңыздар. Тіпті, арнайы күту залын орнатуға болады ғой. Сall-орталықтар не үшін? Адамдарды үнемі кезек күту мәселесі алаңдатады. Әрине, мынадай аядай ғана дәлізде төрт сағат бойы күтіп отырса, оған дәрігер де көмек бере алмайды ғой, – деді министр.