Тобылдықтар үздік футболшылар қатарында

 

2016 жылғы Екінші Лиганың үздік футболшыларының құрамын қостанайлықтар сапынан Евгений Каптел мен Александр Жуков толықтырды. Маусым қорытындысында "СДЮШОР №7 шабуылшысы Б.Әбдірахманмен бірдей ұпай жинаған Е.Каптел үздік шабуылшыларға жүргізілген сауалнама бойынша қалған бәсекелестерінен озық шықты. Сауалнамаға командалардың бас бапкерлері мен капитандары қатысты. Әр респондент 3 ойыншыны іріктеп, оған тиісті ұпайларын қойды. Нәтижесінде 13 ұпайға ие болды. Ал сол қапталдағы қорғаушы Александр Жуковтың биылғы маусымдағы шебер ойыны да мамандар назарына ілігіпті. Ол – Екінші Лигадағы үдіктердің қатарында.
 
Дереккөз: "Тобыл" ФК ресми сайты  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓