“QazTalks”  талқысында – спорт мәселелері

Qaz Talks" азаматтық қоғамының ашық конференциясында Қостанай спортының бүгінгі мәселелері мен келешегі талқыланды.8c6cbb66-b7da-44a4-88c7-4250626e54ca
-Бұл бастама ішкі саясат басқармасының тарапынан былтырғы жылдан бастап жүзеге асып келеді. Биыл талқыланатын тақырыптардың ауқымын кеңейтіліп, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылуда. Осы жылы оны «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры іске асырады. Конференцияны ұйымдастыру барысында әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы алдын ала талқылауға салынды. Бұл – осы жылы өтетін конференция аясындағы екінші кездесу. Біріншісі жастар жылына арналды. Спорт тақырыбын біз көпшіліктің өтініштері бойынша таңдадық, – деді  ішкі саясат басқармасының идеологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Абылайхан Кәкенов.7068a849-0680-4a3d-9aa6-f1b3bdd01ade
Конференция барысында белгілі спортшылар өз жетістіктерімен бөлісті. Олардың қатарында пауэрлифтинг спортынан  Азия чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тұрсынай Қабыл да болды.
– Мен өмірде кездесетін қиындықтарға берілмейтін адамдарды  қолдаймын. Спорттың арқасында әлемді араладым, биіктерді бағындырдым.  2016 жылы автобус астына түсіп, екі рет ота жасаттым. Сол кезде көптеген адам спортқа қайта орала алмайтынымды айтты. Бірақ анам мен жаттықтырушы маған сенді.  Мен өз қалпыма келдім. Қазір  тек алға жылжып келемін. Қазіргі уақытта Қазақстан чемпионатына дайындалып жүрмін, – деді Тұрсынай Қабыл.fe97678a-b408-4258-b50f-5da26c39eace
Ал "Тобыл" ФК жанкүйерлерімен жұмыс істеу жөніндегі маман Марат Күзембаев футбол инфрақұрылымы мен еліміздегі баламасы жоқ жаңа жабық манеж туралы айтып берді.
Пікірталасқа қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы спортты дамыту тақырыбы да  талқыланды.
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓