Турнирдің бас жүлдесі өзімізде қалды
Қамысты ауданының Қамысты ауылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ерлер және әйелдер арасында еркін күрестен VIІ ашық Республикалық турнир өтті.
Шаршы кілем бәсекесіне елдің 10-нан астам облысының және Тобыл өңіріндегі қала-аудандардың күресшілері қатысты.
Биылғы турнир Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қамысты ауданының құрылғанына 60 жыл толуына да орайластырылды.
Осы турнирге ұзын саны 21 команда, 200-ге жуық спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте бірінші орынға Қамысты ауданының балуандары, екінші орынға Ақтөбе қаласының командасы, үшінші орынға Рудный қаласының білектілері ие болды.