Комиссия тасқынды бақылайды

Су тасқыны жағдайын бақылау комиссиясы Рудный және Лисаков қалаларын, сондай-ақ Таран, Денисов, Жітіқара және Қамысты аудандарының аумақтарын тексеріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.таскын
Өңірде су тасқыны жағдайын бақылау бойынша арнайы комиссия құрылды. Құрамында облыстық ТЖД бастығы Талғат Кәкімов, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Дәурен Әбдіқамитов, «Қазгидрометтің» облыстағы директоры Лариса Кузьмина бастаған топ тікұшақпен батыс аудандардағы су тасқыны жағдайын бақылап өтті.
«Ұшу барысында Тобыл өзенінің бассейндерінде, сондай- ақ, Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймаларында қардың жоқтығы байқалды. Жалпы, Қостанай облысының аумағынан қатты су ағысы күтілмейді, Ресей Федерациясы тарапынан Бірсуат және Синташты өзендерінің ағынында да қар суы аз. Тобыл, Аят, Қамыстыаят, Желқуар өзендерінде мұз кетпеген. Бұл өзендерде су деңгейі бірқалыпты. Аққарға гидропосты ауданындағы Тобыл өзенінің жоғарғы жағы құрғақ», – деп мәлімет береді облыстық ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласы басқармасы.
Қазіргі уақытта Әулиекөл, Наурызым, Қарасу аудандарының қары кей жерлерде толық ерігенімен, кей аумақтарда кетпеген. Сонымен қатар, Ақмола облысы маңындағы Есіл және Державин ауданында қар жамылғысы тұтас. Ашутасты және Ақжар су қоймалары мұзының үстінде кей жерлерде қар жауып, мұз жағадан кеткен.
«Қостанайға су Қарағанды облысы жағынан келуде. Амангелді ауданының солтүстігінде орналасқан барлық өзендер мұз астында тұр, кей жерлерде мұз үстінде ойықтар мен жиектер байқалады. Қабырға мен Торғай өзендері мұзбен жабылған, бүйірлік ағыстар байқалмайды, далада қар жоқ. Наурызым ауданының Дәмді ауылы маңында жергілікті өзен арнасы кеуіп қалған», – дейді ведомство өкілдері.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓