Шетелден тегін қоңырау шалыңыз

Қазақстанның кез келген азаматы шетелде жүріп 1414 байланыс орталығына тегін қоңырау шала алады. Кеңесшімен байланысып, толғандырған сұрақтарына жауап алу үшін интернет желісі болса жеткілікті. Бұл туралы " Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ Қостанай облысындағы филиалы хабарлады.
«1414 нөміріне тегін қоңырау шалу үшін пайдаланушы egov.kz электронды үкімет порталына өтіп, төменгі оң жақ бұрыштағы «Виртуалды кеңесші» виджетін қолдануы керек. Қалқымалы терезеде құлаққап белгішесін басып, қоңырау шалу қажет. Оператормен байланысу үшін сізге гарнитура – микрофон және құлаққап қажет. Азаматтар қоңырау шалу кезінде операторға кез келген форматтағы, бірақ салмағы 20 мегабайттан аспайтын файлдарды жібере алады. 1414 байланыс орталығы сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысындағы ББО басшысы Динара Жәкенова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓