«NUR OTAN» НҰР-СҰЛТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті. Оған 200-ден астам партия өкілі қатысты. Жиынға қатысушылар ел астанасының жаңа атауына қолдау білдіріп,  Еуразия кіндігіне орналасқан елорданың еңсе тіктеу тарихындағы Елбасының ерен еңбегін сөз етті.  Бастауыш партия ұйымдарының өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананы «Нұр-Сұлтан» деп атау туралы Жарлығын жұмыла қуаттап, дұрыс әрі дәл уақытында қабылданған тарихи шешім ретінде дәріптеді.DSC_6825
             – Егеменді еліміздің Елордасын Нұр-Сұлтан деп атау жөніндегі ұсынысты қолдау жиындары облысымыздың барлық аумақтық филиалдарында, бастауыш партия ұйымдарында өтті. Мінберден сөз алған партия белсенділері партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың аталмыш бастамаға қатысты пікірін толық қолдады, – деді облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов.
            Партия ардагері Михаил Дәуенов Елорда Сарыарқа төріне көшірілген 21 жыл ішінде астана тұрғындарының саны 300 мыңнан 1 млн-ға дейін көбейіп, бас шаһардың саяси-экономикалық, ғылыми және мәдени әлеуеті ерекше өскенін тілге тиек етті. Ал Партияның Жангелдин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Сүндетбаев астана атауын ауыстыру туралы шешім ел ішінде алуан пікір туғызғанын, бұл нағыз демократиялық қоғамның белгісі екенін айта келіп, «Ең бастысы – бірлік пен тұрақтылықты сақтауымыз керек. Елбасы бастамаларын жүзеге асыру аса маңызды. Елбасы көрсеткен бағыттан жаңылмасақ, дамыған 30 елдің қатарын да ілігерміз. Талай асуларды асып, қиындықтарды еңсереміз. Мен соған сенемін. Қазақстан десек, Нұрсұлтан, Нұр-Сұлтан десек, Қазақстан әуезді естіледі. Біз Елордаға Нұр-Сұлтан атауын беруді қолдаймыз. Осы атауды ұнатамыз, – деп  ой түйіндеді.DSC_6872
            Форумға қатысушылар арасында жастар да көп болды. Әулиекөл аудандық «Жас Отан» ЖҚ төрайымы Назым Серікова да өңір жастарының дені Нұр-Сұлтан атауын қолдайтынын айтты: – Астана атауының Нұр-Сұлтанға ауысуы, бірінші кезекте ел халқының Тұңғыш Президентке деген алғысы. Екіншіден, бұл үрдіс Елбасы ұстанған сара жолдың әрі қарай жалғасатынын білдіреді. Елбасының кемеңгерлігі мен ақылмандығына баға жетпейді. Қажырлы қайраткер ретінде мемлекетімізде тұтас татулық орнатып, ынтымақты қоғам қалыптастырды. Сондықтан Тұңғыш Президент қандай құрметке де лайықты тұлға. Біз – жастар бұл шешімді бірауыздан қуаттаймыз, – деді ол.DSC_6818
            Жиында бастауыш партия ұйымдарының басшылары Партия Төрағасының алға қойған міндеттерін орындау үшін бар күш-жігерлерін сарқып еңбек етуге дайын екендіктерін айтып, өңір тұрғындары мен барша қазақстандықтарды елорданың жаңа атауымен құттықтады.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓