Жолақы неге қымбат ?
Өңірімізде қалааралық бағытта қатынайтын автобустарда жолақы қымбаттады. Олар жол жүру құнын 45 пайызға өсіріп жіберген. Бұған дейін бағаны бензинмен байланыстырғандар, енді қосалқы бөлшектердің қымбаттауын алға тартып отыр. Қостанайлықтардың ұнжырғасын түсірген жаңалық автобекетті жағалаған такси жүргізушілеріне жаққан сыңайлы. Өйткені тұрғындар жаппай таксиге ойысып жатыр. Оны төмендегі бейнерепортаждан көре аласыздар.