Сайлаушылар белсене кірісті

Облыста ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау шарасы белсенді түрде өтіп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті брифингте облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева тың деректерді алға тартты. Айтуынша, сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес бүгін сағат 14.00-дегі жағдай бойынша облыс бойынша сайлаушылардың жалпы саны 63,7% болды. Яғни, сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Оған мына төменде келтірген сандар дәлел. Алтынсарин ауданында 63,0, Аманкелдіде – 63,1, Әулиекөлде- 59,5, Денисовте-53,5, Жанкелдинде -63,4, Жітіқарада-66,2,Қамыстыда- 62,3, Қарабалықта – 65,8, Қарасуда – 64,4, Қостанай ауданында -55,7,  Меңдіқарада – 68,3, Науырзымда – 63,6, Сарыкөлде – 74,4 , Б.Майлин ауданында – 62,3, Ұзынкөлде – 63,8, Федоровта – 67,6, Арқалықта – 63,7, Лисаковта – 62,1, Рудныйда – 66,8. Көріп отырғандарыңыздай, сайлау нәтижесі бойынша әзірге сарыкөлдіктер алда келеді. Одан кейін Меңдіқара ауданының тұрғындары белсенділік танытуда.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓