Ақпараттық АКЦИЯ

IMG_1059Қостанай облыстық кәсіподақтар кеңесінің ұйымдастыруымен  "Кәсіподақ автобусы"  атты ақпараттық акция өтті. Ұйымдастырушылар қалаішілік автобустың жолаушыларына әртүрлі үнпарақтар таратқан болатын.
Белсенді жастар бастауыш кәсіподақ ұйымын қалай құру керектігі туралы кеңестер берді. Жолаушылар үшін автобустың жолақысы тегін болды. Азаматтардың дені кәсіподақ ұйымын құру және оған мүшелікке өту, еңбек құқығын қорғау туралы сұрады. Екі сағаттың ішінде "Кәсіподақ автобусының" қызметін 200 адам пайдаланды. Аталмыш акцияның мақсаты – кәсіподақ қызметі туралы қала халқын ақпараттандыру.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
Суретте:  акциядан көрініс.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓