Жастар Нұр-Сұлтанмен бірге
Қазақстан соңғы 30 жылда ғасырға бергісіз белестерді бағындырды. Бұл – елдегі ішкі тұрақтылық пен тыныштықты ұйыстырып, елді басқара білген тұлғаның арқасы. Сондықтан елорданы «Nur-Sultan» деп атауды қостанайлық жастар қолдайды. Ола өздері бастамашы болып, арнайы флешмоб ұйымдастырды. Шараға 40-қа жуық студент қатысып, Айхмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ алдына жиналды.
«Астананың бас архитекторы – басқа емес, Елбасының өзі. Сондықтан Елорда – Елбасының төл туындысы. Ондағы әрбір ғимараттың салынуымен әрбір көшенің түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор. Сондықтан, бас қаланың атауын Елбасы есімімен байланыстыру – оң шешім. Сондай-ақ, қазақстанды әлемге танытқан тұлғаға зор құрмет», – дейді жастар.
– Нұрсұлтан Әбішұлы – біздің ел үшін өте көп еңбек еткен тұлға. Өйткені Елбасының арқасында Қазақстан дамыды. Еңселі Елордасын салды. Сол үшін біз, студент жастар Астана атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру бастамасын қолдаймыз. Оны Елбасына көрсетілген құрмет деп санаймыз,- дейді Жас Отан ЖҚ ҚОФ төрағасы Әлібек Мұхамеджанов.
«Астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі», – деп Елбасымыз атап кетті,- дейді жастар. Айта кету керек, бұған дейін әр аудан мен қалада елорданың жаңа атына байланысты түрлі іс-шара өткізілген еді. Алдағы күндері өңір белсенділері бірқатар мәдени бастаманы қолға алмақ ниетте.
Әсел ҚИБАШ