Діни ахуал тұрақты

Қостанай облысында жұмыс істейтін 113 діни бірлестіктің 35-і ислам, 33-і православие, төртеуі католик, қырқы протестант, біреуі кришнаид діні аясында қызмет етеді. 73080782_593940788011250_9189984442859388928_oБүгін БАҚ өкілдерімен кездескен Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жанболат Үмбетовтың айтуынша, өңірде жат ағымдағы діни бірлестіктер мен олардың арбауына түсіп, шетелдегі  әскери қақтығыстарға қатысып жүрген адам жоқ. Облыстағы діни бірлестіктер арасында Рухани келісім күніне орайластырылған сұқбат алаңын өткізу дәстүрге айналған. Шара барысында діни бірлестіктер арасындағы өзара рухани келісім, бейбітшілік, толеранттықты нығайту және мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланып отырады. Облыста жыл басынан бері  355 сайт ҚР АҚДМ Дін істері комитетіне сараптамаға жіберіліп, оның 291-і бұғатталған. Биылғы сәуір айынан бастап «Киберқадағалау» жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйе бойынша барлығы 1900 аудио, бейне және жазба материал тексеріліп, оның 1746-сы экстремистік сипатта екені анықталған.  Жыл басынан бері өңірде экстремистік сипаттағы материалдарды заңсыз сақтау және таратуға қатысты 6 оқиға анықталып, жалпы сомасы 700 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓