Жолбарыс жүректі, құрыш білекті (күрес күнделігінен)
Қостанайда қазақ күресінен 1999-2001 жылғы жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Жастар жылы аясында өткізіліп отырған байрақты додаға республиканың барлық өңірлері мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жас палуандары бақ сынасуда. «Қостанай» спорт кешеніндегі («Әуежай» шағын ауданы) палуандар жарысының екінші күні ұлдар арасындағы жеңіл және орташа ауыр салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды.
Өкінішке қарай, кеше 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары төрт салмақта да Қостанай облысының намысын қорғаған ұландарымыз жүлделі нәтиже көрсете алған жоқ. Есесіне, жарыстың екінші күні өткен ұлдар арасындағы жеңіл және орташа ауыр салмақ дәрежесі бойынша өңіріміздің намысын қорғаған Ғасырбек Бәшір 55 келіде үшінші орынға ие болса, 74 келіде Жасұлан Бекболат жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер.
55 келіге дейінгі салмақ:
І орын – Роллан Қабаев (Алматы қаласы);
ІІ орын – Шералиев Мұхит (Қызылорда облысы);
ІІІ орын – Аңсаған Сəбитбек (Нұр-Сұлтан қаласы), Ғасырбек Бəшір (Қостанай облысы).
60 келіге дейінгі салмақ:
І орын – Нұрдəулет Жақсылық (Қызылорда облысы);
ІІ орын – Айбар Сайфенов (Маңғыстау облысы);
ІІІ орын – Шамиль Ахметбаев (Алматы облысы), Ернұр Сүлеймен (Жамбыл облысы).
66 келіге дейінгі салмақ:
І орын – Бауыржан Жантөреев (Маңғыстау облысы);
ІІ орын – Осман Керимов (Жамбыл облысы);
ІІІ орын – Нұрболат Мырзанов (Жамбыл облысы), Бауыржан Дәуітов (Алматы облысы).
74 келіге дейінгі салмақ:
І орын – Жасұлан Бекболат (Қостанай облысы);
ІІ орын – Бижан Елібай (Алматы қаласы);
ІІІ орын – Жұмадулла Оңалбай (Жамбыл облысы), Бауыржан Хуанған (Қарағанды облысы).
Ерлан Естек, қазақ күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы:
– Биыл жеңімпаздардың қатары жаңа есімдермен толығуда. Керісінше, былтырғы жарыс мықтылары бүгін алдыңғы үштікке де іліне алмай жатыр. Осыған қарап, қазақ күресінің жыл санап қарқынмен дамып келе жатқанын, ал палуандарымыздың өте жоғары дайындықпен келгенін байқауға болады. Осы өрендеріміз – болашақ «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Әлем барысы» және қазақ күресінен өтетін халықаралық турнирлерінің жеңімпаздары.
Бүгін боз кілемде қыздар арасындағы белдесу өтіп жатыр. Сондай-ақ, бүгін Затоболдағы «Астана» спорт кешенінде үш күнге созылатын гір көтеруден Қазақстан біріншілігі басталып кетті.
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев.