Наурыз – достық , бірлік мерекесі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінде 20 наурызда Наурыз мейрамы атап өтілді. Департамент қызметкерлері мерекелік дастархан жайып, ұлттық тағамдардан дәм тату және салт-дәстүрлерді көрсету іс-шараларын ұйымдастырды.
Департамент басшысы Дәулет Нұкенұлы Бапы әріптестерін мерекемен құттықтап:
«Шапса тұлпардың тұяғы, ұшса құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр жері бар Қазақстаннын бүгінгі мен болашағын ойлау, ойлап қана қоймай, іскерлік таныту, игі істерге үлес қосу жастарға жүктелген жауапкершілігі зор міндет екенін ескерте келе, салт-дәстүрлеріміз атадан қалған асыл мұра, соны еске сақтап дамыту мақсатында осы мереке жастарға үлгі болсын", – деді ол. Мереке барысында «Тұсау кесу» рәсімі көрсетілді. Департаменттің белді қызметкері – Серік-Жадыра Өмірзақовтардың қызы Аделдің өмірі жарқын болсын деген тілекпен тұсауын кесу мәртебесі басшы, елге сыйлы азамат Дәулет Нұкенұлына берілді.
Жас келіншектер салем салу салтын көрсетіп, риза болған жасы үлкен әріптестері «Бақытты бол, көп жаса» деп бата берді.
Мерекелік дастархан басында ұлттық киім киген департамент қызметкерлері бір-біріне қазақ еліне келген Жаңа жылда ашық аспан, көп ұлтты қоғамда бейбітшілік, ауызбірлік, бақыт пен шаттық, қуаныш пен құт-береке тіледі.
Сондай-ақ, мереке барысында қазақтың ұлттық ойындары туралы бейнебаян көрсетілді.
М.Дәрменова,
Департаменттің іс жүргізушісі