«Тобыл» алаң иелерін тізе бүктірді
Қостанайдың «Тобылы» ел чемпионатының 6-шы турында «Атырау» командасымен кездесті. Матч мұнайшылардың «Судремонтник» стадионында өтті. Турнир кестесінде жетінші, сегізінші орындарға жайғасқан қос қарсылас бұл жолы да жақсы ойын өрнегін көрсетті. Кездесудің алғашқы бөлігінде алаң иелері А.Петухов қақпасына үш мәрте қауіп төндіргенмен еш нәтиже шығара алмады. 36 минутта өзіне тиесілі мүмкіндікті сәтті пайдалана білген Уче Калу Жасир Нарзикулов қақпасының кілтін тапты. 0:1!
Осындай есппен командалар үзіліске кетті. Екінші таймның басында «Атырау» футболшылары тағы бірнеше мәрте шабуылдап, қостанайлықтардың мазасын қашырды.68-ші минутта жерлестеріміздің алаңында ойын тәртібі бұзылып, сол жерден айып добын орындаған «Атыраудың» сапындағы ураиналық легионер Владимир Аржанов «Тобыл» қақпасын дәл көздеді. 1:1.
Бірақ, атыраулықтардың қуанышы ұзаққа барған жоқ. Қостанайлық футболшылардың бірін 73-ші минутта жеңінен ұстап тоқтатқан Майкл Одибенің қылығын ерсі көрген қызылордалық бас қазы Денис Измайлов ойланбастан пенальти белгіледі. Мүмкіндікті Игорь Бугаев жіберген жоқ.2:1!
Сөйтіп, жерлестеріміз бұл жолы да ерледі! Енді «Тобыл» 15 сәуір күні «Ақтөбе» командасын қабылдайды.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Жарайсың, Тобыл! Міне енді ойын жаңа-жаңа дұрысталып келе жатыр. Осы қарқыннан таймасаң "Ақтөбені де" ұтамыз.