Ән әлемінің Әбілахаты

 Ә. Боранбаев атындағы кинотеатрда атақты композитор, жерлесіміз Ә. Еспаевтың туғанына 90 жылдығына арналған әсерлі ән кеші өтті.аблахат
 Ә. Еспаев 1925 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы Алматы қаласында өмірден озды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 – 1953 жылдары қазіргі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясынан жоғары білім алады.
 Композитордың шығармашылық шабытынан туған «Аққуым», «Ақсәуле» (Қ.Аманжолов), «Сайра, сайра сандуғашым», «Орамал», «Жайық қызы» (З.Қабдолов), «Өзің де жігіт, қызықсың” (М.Әлімбаев), «Торғай толғауы» (Ғ. Қайырбеков), «Тобыл толқыны» (С.Тұрғынбеков), «Республика туралы жыр» (І. Мәмбетов), «Бейбітшілік сақталады» (Н.Шәкенов), «Өзгеге көңілім тоярсың», «Мен сәлем жазамын», «Ішім өлген, сыртым сау», «Барасың қайда…», «Қиыстырып мақтаймыз» (Абай) сынды 250-ден астам ән-романстары қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.
 Тағылымды кешті ұйымдастырған облыстық дала өлкесі тарихы мұражайына көрермендер дән риза болып, әуезді әндерді қосыла шырқады.
 – Халқымыз шын асылын көздің қарашығындай сақтайды. Әбілахат әндері таусылмайтын бұлақ, аласармайтын тау сияқты биік әрі баға жетпес қазынаға айналған тамаша туындылар. Өмір көші ұзаған сайын асылға айналған өнер иесінің жарқын бейнесі көктегі жарық жұлдыздай жарқырап, асыл өнердің шоқтығы биіктей бермек,- дейді мұражай басшысының орынбасары Зәмзәгүл Қажымұқанқызы.
                                                               
     Мұрат Жүнісұлы
  Арқалық қаласы.
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓