Президент: Әуелгі орында – қазақ тілі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.6fa002ba879396abe23a667aedf3cf51Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.
«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан Президенті.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓