Емле оқыту курсы басталды
Елордада латын әліпбиіне негізделген жаңа емлені оқытуға арналған республикалық курс басталды. Бұл туралы 24.kz арнасының сайты хабарлады.Оқытушылар, аудармашылар және әдіскерлер 5 сәуірге дейін арнайы даярлықтан өтеді. Курс тыңдаушыларына қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздері, графикасы мен құрамы жайлы толыққанды ақпарат беріледі.
Курстан алғашқы болып өткендер өз облыстарының тренерлері болып, жерлестерімен білімін бөліседі. Мамандар пікірінше, басты қиындықтардың бірі – шетелдік сөздердің емлесі. Оны жаңа әліпбимен оқу және жазуды жеделдетілген курс көмегімен меңгеруге болады. Оқыту ұзақтығы – 12 сағат.
"Курстың ауқымды екеніне қарамастан, жаңа әліпби мен оның емлесін игеру өте оңай болады. Өйткені латынша мен кириллица – гомогенді әліпбилер. Яғни таңбаларының 70 пайызы бірдей, өзара ұқсас. Сондықтан оларды игеру жұрт ойлағандай жүйке тоздырмайды", – дейді Ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың басқарма жетекшісі Анар Фазылжан.
Айта кетейік, шараның өтуіне ұйытқы болған – Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми орталығы.