Жолбарыс жүректі, құрыш білекті

Қостанайда қазақ күресінен 1999-2001 жылғы жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Жастар жылы аясында өткізіліп отырған байрақты додада республиканың барлық өңірлері мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жас палуандары бақ сынасуда. «Қостанай» спорт кешеніндегі («Әуежай» шағын ауданы) палуандар жарысының ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев мемлекет тарапынан ұлттық спортымызға зор көңіл бөлініп отырғанын жеткізді.WhatsApp Image 2019-03-26 at 20.22.32
– 2012 жылы аймағымызда қазақ күресімен екі мың адам шұғылданған болса, қазір олардың саны 3700-ге жетіп отыр. Бүгінде өңірімізде 200 күрес мектептері мен секциялар жұмыс істейді, – деді әкім орынбасары.
Бүгінгі жарыс ұлдар арасындағы ең ауыр төрт салмақ бойынша мықтыларды анықтады.WhatsApp Image 2019-03-26 at 20.22.25
 
WhatsApp Image 2019-03-26 at 20.22.28Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
 
82 келіге дейінгі салмақ:
І орын – Нұрлан Қырғызбек (Жамбыл облысы);
ІІ орын – Рахат Манап (Павлодар облысы);
ІІІ орын – Орынбасар Әбдірахман (Түркістан облысы), Берік Қабышев (Шығыс Қазақстан облысы).
 
90 келіге дейінгі салмақ:
І орын – Амрожан Аршидинов (Алматы облысы);
ІІ орын – Данил Федоров (Жамбыл облысы);
ІІІ орын – Марат Кеңес (Алматы қаласы), Азат Рысбек (Жамбыл облысы). 
 
100 келіге дейінгі салмақ:
І орын – Жансерік Жұмабай (Алматы қаласы);
ІІ орын – Кенесары Орынбасар (Алматы қаласы);
ІІІ орын – Жансұлтан Баубекұлы (Шымкент қаласы), Айдын Жыланбасов (Қызылорда облысы).
 
100 келіден жоғары салмақ:
І орын – Ерсұлтан Жорабек (Алматы қаласы);
ІІ орын – Әділ Төкешов (Шығыс Қазақстан облысы);
ІІІ орын – Бақберген Бергенбай (Жамбыл облысы), Ерсайын Нияз (Алматы облысы).    WhatsApp Image 2019-03-26 at 20.22.24  
WhatsApp Image 2019-03-26 at 20.22.35
WhatsApp Image 2019-03-26 at 20.22.30
WhatsApp Image 2019-03-26 at 20.22.33
WhatsApp Image 2019-03-26 at 20.22.32(1)Өкінішке қарай, аталған төрт салмақта да Қостанай облысының намысын қорғаған ұландарымыз жүлделі нәтиже көрсете алған жоқ.
Ертеңгі жарыс ұлдар арасындағы жеңіл және орташа ауыр салмақтар бойынша жалғаспақ. Ал жұма күні боз кілемге қыздар шығады.
Ал өңірімізде қазақ күресімен қатар кикбоксинг және гір көтеру спортынан сайыстардың қатар өткізіліп жатқанын да айта кетейік:
– 27-30 наурыз аралығында Қостанайдағы Спорт сарайында ересектер мен жастар арасында кибоксингтен республика чемпионаты өтпек. Жарыстың салтанатты ашылуы 27 наурыз күні сағат 12.00-де.
– 28-30 наурыз аралығында Затоболдағы «Астана» спорт кешенінде гір көтеруден Қазақстан біріншілігі өтеді. Жарыстың салтанатты ашылуы 28 наурыз сағат 11.00-де басталады. 
 
Қ.Қиысхан
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓