Наурыз нақыштары
«Тілдарын» облыстық тілдерді дамыту орталығының базасында Наурыз нақыштарына арналған мерекелік іс-шара өткізді. Шараның негізгі мақсаты – тарихи сананы жаңғырту құндылықтарын, көп балалы аналарға қамқорлық көрсетуді дәріптеу.
Мерекелік кешке ҚР Жазушылар Одағы облыстық филиалының директоры, жазушы Ғұмар Ахметчин, білім саласының ардагерлері, көп балалы ана арнайы қонақ болып шақырылды. Іс шара барысында қазақ халқының дәстүрі – «Тұсау кесу» рәсімі өткізілді. Аталмыш рәсімді Ғұмар Ахметчин жүргізді. Белгілі жазушы тұсауы кесілген балаға арнайы дайындап келген Наурыз-батасын берді.
Аталған іс шараға арнайы шақырылған 6 баланың анасы, 31 жастағы Мақпал Сейдахметова да ақ тілегін айтты.
– Әйел – отбасының ұйытқысы. Үйде де, түзде де бәріне үлгіруге тырысу қажет. Сонда шаңырақтың береке-бірлігі сақталады. Мұндай шаралар отбасы құндылықтарын насихаттауға зор септігін тигізеді, – дейді көп балалы ана.
Іс шара мерекелік концертпен аяқталды.
Бақытгүл Сүлейменова,
Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы