Елбасы еңбегіне лайық баға

Елордаға Нұр-Сұлтан атауын беру туралы шешімнің тарихи маңызын талдауға арналған жиын Қамысты ауданында да жалғасын тапты. Баяндамалар тыңдалып, елді елең еткізген елеулі оқиға туралы лебіз-пікірлер ортаға салынды.WhatsApp Image 2019-03-26 at 17.45.39 (1)
"Мен осынау ұлы саясаткерді шын жүрегіммен құрметтеймін, өйткені нақ осы тұлға тәуелсіз және демократиялық дамыған тегеурінді мемлекет құрды. Сындарлы, тағдыршешті кезеңдерде табысқа бастар төте жолды таба білді. Басты жетістігі – қазақстандықтарды ынтымаққа ұйыстыра алды. Мәселен, қазір бүкіл әлем Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісім моделіне қызыға да қызғана қарайды. Көптеген әйгілі саясаткер мен оқымыстылар Қазақстанның қоғамдық қатынастарын басқа елдерге үлгі етеді. Құрметті қамыстылықтар! Осындай тұлғаның есімін бас қалаға беру шешімінің маңызын ұғынып, оны әрдайым қолдауға шақырамын!" – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Б. Есембай.WhatsApp Image 2019-03-26 at 17.45.38
Ал "Қамысты" қоғамдық қорының жетекшісі Г.Ф. Бабикова Елорданың Елбасы атымен аталуы елімізді әлемге одан әрі танымал ете түсетінін тілге тиек етті. Бұл пікірді қамыстылық жастардың бірауыздан қолдайтыны да осы жиын барысында мәлім етілді.WhatsApp Image 2019-03-26 at 17.45.38 (1)
"Мен, қазақстандық жас ұрпақтың өкілі ретінде, астанамыздың Нұр-Сұлтан аталуын қолдауды азаматтық парызым деп есептеймін. Өйткені еліміздің егемендігін еңселендіруге ол кісінің қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қиындықтарға қарамастан, біз алып тарихтың тасасында қалып қоймай, әлемдік қауымдастықта абыройдың асқарынан көріндік. Шетелде жүріп немесе өзге ел азаматтарымен қарым-қатынас жасай отырып, мен Отанымның Қазақстан екеніне мақтанамын! Мұның сыртында, осы жылдың Жастар жылы деп белгіленгенінен бізге деген қолдауды барынша сезінеміз. Олай болса, біз ел ертеңінің тұтқасын ұстайтын лайықты тұлғаға айналуымыз керек!" – деп сөз саптады аудандық жастар ресурстық орталығының директоры М.А. Исекеева.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓