Елордалық өнерпаздар шақырады

Бүгін облыс орталығында Нұр-Сұлтан қаласының өнерпаздары қостанайлықтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынады. Бұл хабарландыруды облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында бөлісті.
"Қостанайда ашылған Жастар сарайында Айтқали Жайымов бастаған елордалық оркестрдің концертін тамашалауға шақырамыз! Біздің көрермендерге @sundetbaigozhin
жеке концертінде өнер көрсетіп, қошеметке бөленген @aizadakaponova Тобыл жағалауын тағы да әнге бөлемек! 12.06.2019 ж. Сағ. 18.30", – деген мәлімет берілген басқарма басшысының жазбасында.калмаковЕндеше, өнерсүйер қауым, әдемі өнер кешінен қапы қалмайық!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓