Астана атының Нұр-Сұлтан болғанын қолдаймыз!

     Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан өз жолында әлем аренасындағы биіктерді бағындырып, даму сатысында. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз тандауымен ел Президенттігіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Нұрсұлтан Назарбаев – барша әлемге танылған, еңбектің шытырман жолдарын өткен, шындалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Елбасы Қазақстанды әлемге  танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген осы. Тәуелсіздіктің символы ретінде Астананы таңғажайып қала етіп, әлемге танытты. Ұрпақ болашағы үшін жасаған әр бастамасын елдің ертеңгі игілігіне арнады. Осы жолда қиындықтарға қарсы тұрып, сындарлы саясатқа бет бұрып, нақты қадам жасай бастады.
   Еліміздің білім саласындағы жеткен жетістіктері де аз емес. «Мәңгілік Ел» идеясын қазақ елін мәңгілік ел жасау асыл арманы, мақсат-мұраты болды. Сондықтан бұл идеяны барша қазақстандық шынайы көңілмен қуана қарсы алды. «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру бүгін­гі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болды. Егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасыр бойғы бабалар арманын баянды еткен, 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасыға қай кезде де айтар алғысымыз шексіз! «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы, бәсекеге қабілетті Қазақстан бағдарламалары Елбасының көрегенділігін дәлелдейді.
      Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін, туған халқының дана перзенті ретінде атажұртымыздың бағын жандырғаны үшін бізде осы ретте Астана атын елін сүйген, елі сүйген Елбасыға арнап "Нұр-Сұлтан" деп өзгертілуін қолдаймыз.
 
Нұргүл Жұмаділқызы Утеулина, 
«Меңдіқара ауданы әкімдігі Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы» ММ директоры

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓