Лайықты шешім!

IMG_20190324_112059Наурыз мейрамы қарсаңында елімізде аса маңызды тарихи оқиға болды.
 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты.
Біздің қол жеткізген жетістіктеріміз Елбасының қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Кеңес Одағының күйреген дәуірінде жаңа мемлекетті құрып, оны басқара білді. 
Елбасының арқасында даму мен демократияның, бейбітшілік пен келісімнің шынайы символына айналған тәуелсіз мемлекет пайда болды.
Тұңғыш рет Қазақстан тарихында жаңа мемлекеттік институттар құрылды.
1995 жылы еліміздің Ата заңы қабылданды.
Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Президент өзінің еңбек жолын биік мақсатқа – халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арнаған бірден-бір тұлға болып саналады».
Тәуелсіздік жылдары Түнғыш Президентіміз теңдессіз табыстарға қол жеткізді, ұлттық ұстанымға адал, шынайы сүйіспеншілік рухында тәрбиеленген жас азаматтардың тұтас бір буыны қалыптасты. Бұған Елбасының  «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары ықпал етті.
         Біздің қарттарымыз- елдің алтын қазынасы , салт – санамыздың тұғыры, отансүйгіштіктің  үлгісі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының басты бағыты да алдыңғы буын аға ұрпаққа құрмет танытып, қамқорлық көрсету болатын. Сізге шексіз ризамыз, алғыс айтамыз. Сіздің мақсатыңыз толығымен толерантты, ұлтын сүйетін әрі оны құрметтейтін болашақты құру. Тарихи  сананы жаңғырту жолында көптеген еңбектер жаздыңыз. 2019 жылды «Жастар жылы»деп жарияладыңыз. Жастардың барлық санатан қолдауға арналған ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.
Ел ертеңі үшін болашаққа батыл қадам жасап, елімізді бүкіл әлеге паш етіп, танытқан Елбасымыздың тағы бір маңызды бастамаларының бірі – қазақ тілінің 2025 жылы латын қарпіне көшірілуі. Бұл жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде. Мен осы мәселе бойынша қаламыздағы ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесімін.
       Қазіргі Қазақстан – нарықтық экономикасы қалыптасқан, демократиялық әрі зайырлы мемлекет.
Тұңғыш Президентіміздің жаңа Елорданың бой көтеруіне сіңірген еңбегі ерекше. Елбасының тарихи ерлігі Астана құрылысын   салу.
Еліміздің бас қаласы халқымыздың мақтанышына айналды, күллі әлемге Қазақстанның жаңа бейнесін паш етті.
Біздер Тұңғыш Президентіміздің қазақстандықтарға және әлем қауымдастығына сіңірген ерен еңбегі мен ұлы есімін мәңгі есте сақтауымыз керек. Сондықтан да мен мемлекеттік қызмет саласының ардагері Астана қаласына, елімізге сіңірген еңбегін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қаласын НҰР-СҰЛТАН  есімімен атау жөніндегі бастамасын толық қолдаймын.
Мұндай ұсыныс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылы 23 карашада қабылданған Декларацияда парламенттен түскен болатын.
Жас Астана қысқа мерзім ішінде Тәуелсіздігіміздің нақ символына айналып, жалпыұлттық дамуға тың серпін берді. Бір сөзбен айтқанда Астана – қазақтың абыройына айналды. Осы атаудың өзі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені белгілі.
 
Жақсылық Кәкенов,
мемлекеттік қызметтің ардагері,
Рудный қалалық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓