Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігінен бас тартуыңызды естіп біз екіұдай сезімде қалғанымыз шын.
Сіз еліміздің іргетасын қалап, оны биік шыңдарға көтердіңіз. Осындай қажырлы саясатыңыздың арқасында ауыл шаруашылығы саласы дамып, оң өзгерістер болып жатыр.
Кезінде ескі техника, тозған ғимараттар, мүлік болды. Ал қазір біздің даламызда заманауи егінсепкіштер, комбаиндар жүр. Мемлекет тарапынан бөлінген субсидиялар, жеңілдетілген несиелер, техника лизингі, арзандатылған жанармай алып жатырмыз. Осы өзгерістерге серпін беріп, жаңа бастамаларға мұрындық болып отырған – Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы!
1995 жылы өзім басқаратын «Қарқын» серіктестігіне келіп, жұмысымызды жоғары бағалаған едіңіз. Бұл, қиын жылдарда, біздің кәсіпорынымыз үшін Сіздің тарапыңыздан берілген үлкен мәртебе.
Сіздің осындай қолдауыңызды тек біздің шағын өндірісіміз ғана емес, барша Қазақ елі сезінуде. Жастарымыздың әрбіреуіне қолжетімді үздік білім, азаматтарымызға жасалып жатқан әлуметтік қамқорлық осыған дәлел. Ал Азияның дәл жүрегінде салынған астанамыз жасалған жұмысымыздың жарқын нәтижесі.
Сондықтан Елордамыз Астана қаласына «Нұр-Сұлтан» атауын беруді қолдап, барлық жетістіктеріміз бен бейбіт өміріміз үшін Сізге мың алғысымызды білдіреміз!
Құрметпен, Бұқанов С.Б., Қазақстанның Еңбек Ері, «Қарқын» ЖШС директоры.