Коммунистер Елбасының мақаласын талқылады

Қазақстан коммунистік халық партиясының Қостанай облыстық комитеті «Заманауи Қазақстанның мәдени бағдары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға облыстық білім басқармасының, ішкі саясат басқармасының және колледждердің директорлары мен оқытушылары, партияның бюро мүшелері қатысты. 20170504_131823
 
20170504_131515Дөңгелек үстел отырысы мемлекеттік Әнұранмен басталды. Іс-шараның модераторы Қазақстан коммунистік халық партиясы Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы А.Әлімбаев күн тәртібіндегі мәселені хабарлады. Осыдан соң баяндамашылар ортаға шығып, мәдени сананы қалыптастыру, бәсекелік қабілет, ұлттық құндылықтарды сақтау туралы ойларымен бөлісті. ҚКХП облыстық комитетінің екінші хатшысы З.Масленкова XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы тереңнен толғанса, «Ауыл» ХДП ҚОФ-ның үйлестірушісі Алма Күйшенова жастар арасындағы патриоттық санаға тоқталды. 20170504_120716
20170504_131458Қостанай гуманитарлық колледжі тарих пәнінің оқытушысы Дәметкен Тортаева Елбасының мақаласын студенттер арасында да кеңінен талқылағандарын жеткізді. Көрермендер облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім жетекшісі Жанат Мұрзабаеваның баяндамасын зер салып тыңдап, зор қошемет білдірді.
 
Қ.Мұратбекқызы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓